jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ажырасқаннан кейін бірге тұрған: Жамбылда ер адам бұрынғы жұбайын есінен танғанша ұрған

    Жұдырық түйген жігіт
    Жұдырық түйген ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Жамбыл облысында ер адам бұрынғы жұбайының денсаулығына зиян келтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жамбыл соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот апелляциялық тәртіпте денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру фактісі бойынша 35 жастағы азамат У.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

    "Тараз қаласының №2 соты сотталған мен жәбірленушінің бұрын некеде тұрғанын, ал ажырасқаннан кейін бірге тұруды қайта бастағандарын анықтады", - делінген хабарламада.

    Сот мәліметінше, 2025 жылдың тамызында олардың арасында тұрмыстық негізде жанжал шыққан. Жанжал барысында У. әйелді бірнеше рет бетінен ұрған, әйел адам есінен танып қалған. Оның қолы да сынған.

    2025 жылдың қыркүйегінде әйел қолының ауырсынуы және медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлаған кезде, У. оны қорлаған. Жанжал кезінде ол жәбірленушіні итеріп жіберіп, содан кейін кішкентай баласымен бірге пәтерден кетіп қалған.

    Бірінші сатыдағы сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.

    Тараз қаласы №2 сотының үкімімен У. Қылмыстық кодекстің 107-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

    Сотталған ер адам сот актісін даулап, оған қатысты ақтау үкімін шығаруды сұраған.

    Апелляциялық алқа іс материалдарын зерттеп, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырды.

    Сот актілері заңды күшіне енді.

    Ажырасқаннан кейін бірге тұрған: Жамбылда ер адам бұрынғы жұбайын есінен танғанша ұрған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram