jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Тісін қағып, шашын кескен": Ақтауда ер адам әйелді қатыгездікпен соққыға жықты деген күдікке ілінді

    Жапа шеккен әйел
    Жапа шеккен әйел. Фото: Lada.kz

    Ақтауда ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып-соқты деген күдікке ілінді. Әйел шетел азаматы және ер адаммен бірнеше жыл бойы бірге тұрған. Әйелдің анасы қызы осы уақытқа дейін қорлық көріп келгенін айтты, деп хабарлайды Lada.kz.

    Жәбірленушінің анасы қызы күдіктімен он жылға жуық азаматтық некеде тұрғанын хабарлаған. Олардың сегіз жасар қызы бмен бес жасар ұлы бар.

    Әйелдің айтуынша, бастапқыда қарым-қатынас жақсы болғанымен, кейіннен қызын күдікті үнемі ұрып-соққан.

    "Қызымның еш кінәсі жоқ болса да, ол оны үнемі ұрып-соғады. Бетінен ұрып, көгертеді, тісін сындырады, басынан тебеді. Қызым бұл жайтты ұзақ уақыт бойы маған айтпай, жасырып жүрді", - деп бөлісті анасы.

    Оның айтуынша, қызы тіпті анасына келмейтін болған.

    "Ол маған келуге рұқсат етпейді. Мен ауырғанда да, туған күндерде де, мерекелерде де жібермейді. Мен қызымды мүлдем көрмеймін деуге болады", - дейді әйел.

    Жәбірленушінің анасы қызының төлқұжаты жоқ болғанына жеті жылдай болған. Өзбекстан азаматшасының бұған дейін құжаттары болған, сондықтан ол Қазақстаннан шыға алатын. Алайда анасы оның құжаттары жоғалып кеткенін айтады.

    "Бірде баласының оқуына қызымның құжаттары қажет болып, төлқұжат пен басқа да қағаздарды іздей бастады, бірақ таба алмады. Күйеуінен оларды қайда қойғанын сұрады, бірақ ол білмейтінін айтатын. Құжаттарды сол алды деп күдіктенеміз. Қызымның өмірі қорлықпен өтіп жатыр", - дейді әйел.

    Болған жайт туралы анасы қызының танысынан білген. Оның айтуынша, денсаулығы сыр берген анасының уайымға салынғанын қаламаған.

    "Қызымның шашы белге дейін жететін, қалың, ұзын еді. Ол соны түбіне дейін кесіп тастаған. Бетінен шынтағымен ұрып, алдыңғы төрт тісін сындырған. Аузының іші жыртылып, ерні мен аузы жарақаттанған. Басы ісіп кеткен, дәрігерлер миы шайқалғанын айтты", - дейді анасы.

    Әйелдің айтуынша, қызы күдікті оның шашын аяғының арасына қысып алып, қайшымен кесе бастағанын айтқан. Қарсылық танытқан кезде ол шынтағымен аузынан ұрып, басынан ұрғн.

    Қазір келіншек тамақ ішуден қиналып, дұрыс шайнаудан қалған.

    Отбасы полицияға жүгінген. Бұл ретте жәбірленушінің анасы учаскелік инспектордың әрекетіне көңілі толмайтынын жеткізді. Ол қызын тексеруге өзі апарғанын айтып, неге жәбірленушіні полиция қызметкерлері ауруханаға жеткізбегенін білгісі келеді.

    Анасы тергеу мұқият жүргізіліп, қызының қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс деп есептейді.

    Маңғыстау облыстық ПД хабарлағандай, дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    "Оқиғаға қатысушылар Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Тексеру барысында ер адам мен әйелдің Қазақстан Республикасы аумағында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екені және елге заңды болуға қажетті құжаттары жоқ екені анықталды.

    Ер адамға қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта ол жеке басын анықтау және ел аумағында одан әрі болуы мәселесін шешу үшін қабылдау-бөлу орынға орналастырылды.

    Әйел қазір тұрғылықты жерінде. Оған қатысты да көші-қон заңнамасы аясында тиісті тексеру жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

    Полициядағылар сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

    "Тісін қағып, шашын кескен": Ақтауда ер адам әйелді қатыгездікпен соққыға жықты деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram