jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Психологқа барып жүрмін": Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді

    Ақбаян Мұқанғалиева
    Ақбаян Мұқанғалиева. Видеодан кадр: azh.kz

    Атырау облысында күйеу баласының қолынан қаза тапқан отбасының қызы Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет журналистерге сұхбат берді. Ол қазіргі таңда туыстарының қарауында, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясының құрбаны болған отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева қазір өмірге қайта бейімделіп келеді. Бес бүлдіршіні балалар үйінде, ал өзі туыстарының қамқорлығында. Бар арманы - балаларын бауырына басу. Бірақ оған әзірге білікті дәрігерлердің емі мен халықтың қолдауы қажет.

    Телеарна хабарлауынша, Ақбаянның қазіргі күйі туыстарының үмітін оятқан. Бұрын көп уақытын ұйқымен өткізсе, қазір айналасына назар аударып, адамдармен сөйлесе бастаған. Тіпті соңғы кездері туған ауылын, ата-анасы мен бауырларын жиі сұрайтын болыпты.

    Әкесінің әпкесі оны қоғамға бейімдеу үшін барын салып жүр. Бірақ Ақбаянның ата-анасы мен бауырларын іздеген әрбір сұрағы жанымызға батады, дейді.

    "Қайда, ауылда ма?" деп сұрайды. Ауылға біржола барғысы келеді. Бауырларын сұрағанда, Түркияда деген ғой. "Қой, Шалқар деген айтты ғой, ауылда деп айтты ғой, апарам деп айтты ғой" дейді. Әлі дайын емес деген, сондықтан айтпай жүрміз. Айтқан жағдайдың өзінде қандай күйде болады, қайтып ауыртып аламыз ба деген сияқты ғой енді. Күтейік енді, аяғына тұрып алсын дегенге келтіріп тұрмыз енді", - дейді Ақбаянның әпкесі Әсила Мұқанғалиева.

    Дәрігерлер Ақбаянның нақты диагнозын айтпаған. Өзінің сөзінше, бесінші баласына босанғаннан кейін сыртқаттанып, ота жасатып, содан тұрғанда "көп жайтты ұмыттым" дейді. Дегенмен әр баласының аты мен туған жылын жатқа біледі. Балаларына апта сайын барып тұратынын, оларды өз бауырына алғысы келетініні айтып отыр. Телеарна Ақбаянмен болған диалогты көрермен назарына ұсынды:

    Ақбаян: Кішкентайы жылайды, "алып кетші" деп. Үлкендері енді түсінеді.

    Журналист: Қазір өзің жақсысың ғой?

    Ақбаян: Иә, психологқа барып жүрмін. Таңертең, аптасына екі рет. Басқа ешқайда қаралып жатқан жоқпын. Басым мазаласа, кетеді ғой. Бірақ қатты ауырып жүргем жоқ.

    Туыстарының айтуынша, ол бұрынғы өмірін біледі, ағайындарын таниды. Алайда бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейінгі кезең жадынан өшкен. Әлі де ұмытшақтық бар. Соған қарамастан, соңғы уақытта оң өзгеріс байқалған. Ендігі мақсат — оңалуды тоқтатпай, Ақбаянды білікті мамандарға қарату.

    "Ақбаянның өмірге деген құлшынысы жоғалған. Сол құлшынысты басынан қайта ояту керек. Біздің алдағы үмітіміз — бес баласын алып, өзі бақытты өмір сүрсе деген ниет. Нәтижесін көріп, аяқтан тұрып келе жатқанын көргеннен кейін, осы тоқтап қалмасын, әрі қарай дами берсін дейміз. Бәлкім Атырауда кейбір қаралмаған нәрсені, бәлкім Алматы, Астанаға шығып, сол жақтағы мықты дәрігерлерге қаратамыз ба деген ойымыз бар. Ол жаққа апару үшін бізге қалай болғанда да қаражат керек. Ол қаражат өзімізден мүмкін емес болды", - дейді Ақбаянның ағасы Шалқар Мұқанғалиев.

    Ағайындар амалсыз халықтан қаржы жинап жатқанын айтты. Ата-анасы, бауырларынан айырылғаны аздай, ауру болып отырғаны қиын. Соңғы уақытта беті бері қарағаны үміт ұялатты дейді. Қанды қылмыстан аман шыққан Ақбаянның тағдыры бүкіл қазақ елін алаңдатты. Бес баланың анасының ендігі арманы — балаларымен қауышу. Денсаулығы түзелмейінше, оларды бермейтінін өзі де түсініп отыр. "Емделемін, жаныма аламын" дейді.

    Дереккөз: КТК

    "Психологқа барып жүрмін": Ақбаян Сапарғалиева алғаш рет сұхбат берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram