jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте есірткі заттары табылған көлікте полицей да отырған

    Құжат толтырып отырған полицей
    Құжат толтырып отырған полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкентте есірткі заттары табылған автокөлікті ұстау кезінде ішінде болған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

    Жедел іс-шара барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттары табылған көлікті тоқтатқан.

    "Іс-шара барысында автокөлікте бейбіт тұрғындармен бірге аудандық полиция бөлімдерінің бірінің қызметкері болғаны анықталды. Аталған қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды", – деп мәлімдеді Шымкент полиция департаменті.

    Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрынғы полиция қызметкерінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

    Тергеу мүддесіне байланысты әзірге өзге ақпарат жарияланбайды.

    Шымкентте есірткі заттары табылған көлікте полицей да отырған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram