Жетісуда құны 1,5 млрд болатын құрамында алтын бар кенді елден заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілді
Жарияланған күні:

Жетісу облысында құрамында алтын бар 2,6 мың тонна кенді елден заңсыз алып шығу әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМА-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы бойынша ҚМА департаменті жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын алтын кенін заңсыз шекара асыруға тырысты деген күдіктілерді анықтады.
Ведомство атап өткендей, шикізатты шетелге шығару үшін кеден құжаттарында жүк "мыс кені мен концентраттары" деп көрсетілген. Осылайша оның нақты құрамы жасырылған.
"Кейінгі тергеу және жедел іздестіру шаралары барысында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы қоймалардан ірі контейнерлерге салынған 1 000 тоннадан астам шикізат табылды.
Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді ұйымдастыруға қатысы бар RedGold Mining ЖШС экспорттаушы компаниясының директоры мен өзге де тұлғалар анықталды", - делінген хабарламада.
Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2446275-zhetisuda-quny-1-5-mlrd-bolatyn-quramynda-altyn-bar-kendi-elden-zangsyz-alyp-shygu-areketining-zholy-kesildi/