jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жас жігіт түнде көлігінің нөмірін алып тастап, көшеде қатты жылдамдықпен жүрген

    көлік
    Нөмірсіз көлік. Видеодан кадр: Алматы ПД баспасөз қызметі

    Алматыда жас жігіт түнгі уақытта көлігінің нөмірін алып тастап, қала ішінде қатты жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісі полиция қызметкерлерінің назарын аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірі жоқ Toyota көлігін байқайды.

    Полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбай, қайта жылдамдығын арттырып, адам көп жүретін көшелермен тығылып, қашуға тырысқан.

    «Патрульдік полиция қызметкерлері көліктің қауіпті қозғалысын тоқтатып, Ходжанов көшесінде жолын бөгеген. Рөлде Алматы қаласының 19 жастағы тұрғыны болған. Ол көлік жүргізуден шеттетіліп, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Жүргізуші бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылды», – делінген ПД хабарламасында.

    Полиция департаменті мұндай жағдайдың соңы ауыр зардаптарға апаруы мүмкін екенін ескертті.

    Алматыда жас жігіт түнде көлігінің нөмірін алып тастап, көшеде қатты жылдамдықпен жүрген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram