"Қара нарықта шамамен 180 млн теңге тұрады": ҰҚК шекарада ақбөкен мүйізін тәркіледі
Жарияланған күні:

Шекарашылар "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытайға 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекарада құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Атап айтқанда, биыл 20 қазанда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында шекарашылар Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
"Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге тұруы мүмкін. Осы фактіге қатысты материалдар – процестік шешім қабылдануы үшін тергеу бағыты бойынша құзыретті органға беріледі", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілген жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2446407-qara-naryqta-shamamen-180-mln-tengge-turady-uqk-shekarada-aqboken-muiizin-tarkiledi/