Ақтауда 360 мың оқырманы бар танымал блогер ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Маңғыстау облысының полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісі арқылы жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті әлеуметтік желіде Қытайдан түрлі тауарларды, оның ішінде премиум санаттағы ыдыс-аяқтар мен тұрмыстық техниканы нарықтық бағадан едәуір төмен бағамен сату және жеткізу туралы жарнамалар орналастырған.
"Тауарларды жарнамалау үшін 360 мыңнан астам оқырманы бар танымал Instagram аккаунтының иесі тартылған. Тергеу нұсқасы бойынша, жарияланымдар арқылы әлеуетті сатып алушыларға тауардың бар екені, оның сапасы және Қазақстанға жеткізу мүмкіндігі туралы ақпарат берілген", - делінген хабарламада.
Полицияның мәліметінше, жарнама жарияланғаннан кейін азаматтар көрсетілген байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, тауарлар үшін жеке кәсіпкердің шотына ақша аударған. Алайда тауарларды жеткізу бойынша қабылданған міндеттемелер орындалмаған. Тергеу деректеріне сәйкес, алынған қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.
Тергеу барысында ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника үшін ақша аударған жәбірленушілер анықталған.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ өзге де ықтимал жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2446482-aqtauda-360-myng-oqyrmany-bar-tanymal-bloger-ustaldy/