jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Threads арқылы 90 мың теңге тапқан қазақстандық сот алдына келді

    Концерт билеттері
    Концерт билеттері. Фото: CHRISTIAN CHARISIUS/AFP via Getty Images

    Астанада Threads әлеуметтік желісі арқылы концертке жалған билет сатқан 30 жастағы ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Астана прокуратурасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Астана прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 30 жастағы ер адам ресми сайттан екі билет сатып алып, кейін реквизиттерін өзгерту арқылы жалған билеттер жасаған. Ол сатылым туралы хабарландыруды Threads әлеуметтік желісіне орналастырған.

    Хабарландыруға екі азамат (бірі кәмелетке толмаған) үн қатқан. Олар сатушыға 50 және 40 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң ер адам сатып алушыларды бұғаттап, байланысқа шығуды тоқтатқан. Жалпы залал 90 мың теңге болған.

    Сот келтірілген залалдың өтелуін және ер адамның кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Осы мерзім ішінде ол пробациялық бақылауда болады.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Елорда прокуратурасы билеттерді тек ресми көздер арқылы сатып алуға және әлеуметтік желілердегі таныс емес сатушыларға ақша аудармауға шақырады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram