Ақтауда сөмкесінен бір келі қара уылдырық табылған ер адам ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтауда полицейлер бір келі қара уылдырық тәркіледі. Екі пластик ыдыс ер адамның сөмкесінен табылған, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қазанда Маңғыстау облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында 39 жастағы ер адамды ұстаған.
Тексеру кезінде оның рюкзагынан жалпы салмағы шамамен бір келі болатын қара уылдырық салынған екі пластик ыдыс табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.
Қазіргі уақытта уылдырықтың қайдан алынғаны және оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу жалғасуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2446650-aqtauda-somkesinen-bir-keli-qara-uyldyryq-tabylgan-er-adam-ustaldy/