"Студенттердің көзінше оқытушыны жұмыстан шығарған": ҚазҰУ өкілдері ел талқысына түскен видеоға қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандықтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қатысты желіде тараған видеоны талқылап жатыр. Видеода оқытушыға сабақ үстінде жұмыстан шығарылғаны хабарланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Threads желісіндегі Shyndyk.kz жазбасында қазақстандықтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушыға жұмыстан шығарылғаны туралы тап сабақ үстінде хабарланғаны айтылған.
"Ұстаздық қызметке 38 жыл өмірін арнаған оқытушы Гаухар Дүйсембиева студенттердің көзінше дәріс кезінде жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрық алды. ЖОО әкімшілігінің өкілдері оқытушыға тиісті құжатты тапсыру үшін сабақты бұзды", – делінген жарияланымда.
KAZ.NUR.KZ тілшісі университеттің баспасөз қызметіне сауал жолдады. ЖОО өкілдері оқытушымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы бұйрық университет тәртіп комиссиясының шешімі негізінде 2026 жылғы 2 қазанда шығарылғанын хабарлады.
Баспасөз қызметі дерегінше, оқытушы комиссия отырысы туралы хабардар етілгенін және өз түсіндірмелері мен ұстанымын білдіруге мүмкіндігі болғанын, алайда отырысқа қатыспағанын мәлімдеді. Бұйрық шыққаннан кейін оның көшірмесі заңнамада белгіленген мерзімде экспресс-жеткізу қызметі арқылы тұрғылықты мекенжайы бойынша жіберілген.
"7 қазандағы оқиғаға қатысты айтар болсақ, бұл уақытта Г. М. Дүйсембиевамен арадағы еңбек қатынастары әлдеқашан тоқтатылғанын, ал кафедра меңгерушісі оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін оқытушы алмастырылғанын атап өткен жөн.
Бұған қарамастан, Г. М. Дүйсембиева аудиторияға өз бетінше кіріп, сабақ өткізуге тағайындалған оқытушыдан шығып кетуді талап етіп, сабақ өткізуге кіріскен.
Оқиға орнына келген кадрлар бөлімінің өкілі Г. М. Дүйсембиеваға сөйлесу үшін дәлізге шығып кетуді ұсынды, алайда ол әңгіменің тікелей аудиторияда, студенттердің көзінше өтуін талап етті. Университет мәліметтеріне сүйенсек, болып жатқан оқиғаны видеоға түсіруді студенттерге Г. М. Дүйсембиева өтінген", – делінген ЖОО хабарламасында.
Баспасөз қызметі университет өкілдері сабақ кезінде кадрлық құжаттарды көпшілік алдында тапсыруды бастамағанын айтты.
"Бұл оқиға еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін сабақ өткізуге өз бетінше кіріскен бұрынғы оқытушының әрекеттері салдарынан болды. Университет иелігіндегі материалдарға сәйкес, 2024–2026 жылдар аралығында Univer жүйесінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзу, оның ішінде жекелеген оқытушылық міндеттерді орындау үшін студенттерге оқытушының тіркелгі жазбасына қолжетімділікті беру деректері анықталған.
Смотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз