jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "10 млн бермесең, көлігіңмен бірге өртеймін": Шымкентте кәсіпкерді бопсалады күдікпен екі адам ұсталды

    Кісен
    Кісен. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Шымкенттік кәсіпкерге қоқан-лоқы көрсеткен екі азамат ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

    Оқиға қаладағы базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау кезінде тауар бүлініп, тараптар арасында дау туған. Алайда олар мәселені заң аясында шешпеген. Қомақты қаржы талап етіп, жүк көлігін де, адамды да өртеп жіберетінін айтып, ашық қорқытқан.

    Десе де, оңай олжаға кенелмек болған екеудің жоспары жүзеге аспады. Олар бопсалаған ақшаны алып жатқан жерінде ұсталған.

    "Жедел іс-шара барысында күдіктілер талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Өз бетінше билік ету» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram