jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда 6-сынып оқушысы сабаққа пышақпен келген: полиция деректі растады

    пышақ
    Пышақ. Иллюстрациялық фото: Adam Gault/Getty Images

    Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 11 жаcтағы оқушы білім ордасына пышақпен келген, деп хабарлайды kazinform.

    Алдын ала мәлімет бойынша, 6-сынып оқушысы сабаққа пышақ алып келген. Оның бұл іс-әрекеті қатарластарымен болған келіспеушілікпен байланысты болуы мүмкін.

    Атырау облыстық полиция департаменті болған жағдайды растады. Абырой болғанда, оқушы пышақты пайдаланып, ешкімді жарақаттамаған. Зардап шеккендер жоқ.

    Қазір мемлекеттік органдар тарапынан профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр.

    "Аталған жағдай бойынша оқушылар арасындағы буллинг белгілерін, оқушының эмоционалдық жағдайын және қауіпсіздік тәуекелдерін анықтау мақсатында тиісті психологиялық-педагогикалық жұмыс өткізіледі.

    Сонымен қатар қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жағдайға қатысы бар оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатыр", — деп мәлімдеді облыстық балалардың құқығын қорғау жөніндегі басқарма.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram