Ақмола облысында заңсыз алтын іздеді деген 13 адам ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысы Бестөбе кентінде алтын кенін заңсыз іздеушілер полиция қызметкерлеріне бағынбағандықтан аспанға оқ атуға тура келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Бестөбе кентінде полиция заңсыз алтын өндірудің жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
"Іс-шаралар барысында заңсыз кен іздеушілер тобы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады. Құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы жасақ қызметкерлері ауаға ескерту оқтарын атты, содан кейін тәртіп бұзушылар ұсталды", - деді Ақмола облысы ПД өкілдері.
Барлығы 13 адам ұсталды. Олардың бәрі заң аясында жауапқа тартылды.
Полиция бағалы металдарды заңсыз өндірудің жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
"Кез келген құқыққа қайшы әрекет, соның ішінде полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау заңға сәйкес тоқтатылады", - деп атап өтті ведомстводағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2447022-aqmola-oblysynda-zangsyz-altyn-izdedi-degen-13-adam-ustaldy/