Атырауда НЗМ оқытушысы оқушыға хат жазған: тексеріс басталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы ішкі тексерістен кейін жұмысынан босатылды. Оған оның кәмелетке толмаған оқушыға хат жазғаны туралы жарияланым себеп болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Атырауда Назарбаев Зияткерлік мектебінің бастапқы әскери дайындық сабағының оқытушысы кәмелетке толмаған оқушы қызбен хат жазысқаны туралы ақпараттан кейін жұмыстан босатылды. Бұл туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" өкілдері NUR.KZ тілшісінің сауалына берген жауабында хабарлады.
Оқиға туралы Threads желісінде @ddaiurisss нигімен оқушының туысы жазба жариялады. Оның айтуынша, ер адам оқушыға кездесуді ұсынып, түнде хат жазған.
"Хабарламада ол не істеп жатқанын, тамақ ішкен-ішпегенін сұрайды, жылырақ киінуге кеңес береді. Оның телефон нөмірін сыныптасы арқылы алып, түнде хат жазып, кездесуді ұсынады", - деп жазады қыз.
Жарияланым авторы таныстары тарапынан сұрақтар қойылғаннан кейін оқытушы өз әрекетін әзілмен түсіндіргенін алға тартады. Кейін ол өзін дұрыс түсінбегенін айтып, хат жазуды жалғастырған, дейді автор.
Оқушының отбасы оқу орнының басшылығына жүгініп, ресми түрде тексеру жүргізуге қол жеткізбекші.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мектеп қауіпсіздігі қызметі жарияланымға байланысты ішкі тексеріс жүргізгенін хабарлады.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ әлеуметтік желіде NIS Атырау бастапқы әскери дайындық оқытушысына қатысты ақпарат бойынша мектеп қауіпсіздігі қызметі ішкі тексеріс жүргізгенін хабарлайды. Тексеріс оқушыларды қорғау жөніндегі қолданыстағы саясатқа сәйкес жүргізілді.
Тексеріс және тәртіптік комиссияның материалдарды қарау нәтижелері бойынша педагогикалық қызметті жалғастыруға қайшы келетін теріз қылық жасағаны үшін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 14) тармақшасы негізінде оқытушымен арадағы еңбек шарты бұзылды", - делінген хабарламада.
Смотреть в Threads
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2447316-atyrauda-nzm-oqytushysy-oqushyga-hat-zhazgan-tekseris-bastaldy/