jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада АХҚКО қызметкерлері қылмыстық топқа кірді деп күдіктеліп отыр

    Жүргізуші куәлігі алып жатқан адам
    Жүргізуші куәлігі. Көрнекі фото: "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ

    Елордада жүргізуші куәліктерін заңсыз беру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

    Астана прокуратурасы сайтының мәліметінше, ҰҚК департаменті жүргізуші куәліктерін заңсыз берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

    "Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен делдалдар кірген.

    Тергеу барысында сыбайластардың өзара рөлдерді бөліскені анықталды: делдалдар орталық ғимараттың жанында тұрып, теориялық емтихан тапсырушыларға сұрақтардың дұрыс жауаптарын айтып отырған, ал орталық қызметкерлері практикалық емтиханның тапсырылғаны туралы көрінеу жалған мәліметтерді ақпараттық базаға енгізген.

    2025 жыл аталған алаяқтық схема арқылы 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған", - делінген прокуратура хабарламасында.

    Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 262-бабы (Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 206-бабы (Ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) бойынша сараланған.

    6 адамға қатысты күзетпен ұстау, 3 адамға ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат, 1 адамға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтаратпау шаралары қолданылған.

    Заңсыз алынған 74 жүргізуші куәлігінің күші жойылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram