jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Әйелдің сөмкесінен 753 мың теңге ұрланған: Қазақстанда сотталған адамның жазасы қатаңдатылды

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстанда тонау ісі бойынша сотталған адамның бостандығын шектеу жазасы нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасында істің мән-жайы хабарланды.

    Құзырлы органның мәліметінше, іс бойынша сотталған адам басқа адаммен бірге жәбірленушіні ұрып-соққан. Осыдан кейін әйелдің сөмкесінен 753 мың теңге ұрланған.

    "Бұған дейін сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда сотталған адам бұл жазаны өтеп бітпей, қайтадан қылмыс жасаған.

    Кассациялық сот Бас прокуратураның наразылығы бойынша істі қайта қарап, нәтижесінде жаза өзгертіліп, сотталғанға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Бас прокуратура тонау бөтеннің мүлкін ашық түрде жымқыру екені, мұндай әрекет үшін заңда қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram