СҚО-да мас күйде электр велосипед жүргізген ер адам 20 тәулікке қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Петропавлда мас күйде электр велосипед айдаған 37 жастағы ер адам 20 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, Петропавлдағы Воровский көшесінде кешкі уақытта патруль батальонының қызметкерлері алкоголь ішкен күйде электр велосипед жүргізген Ақмола облысының 37 жастағы тұрғынын тоқтатты.
Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Медициналық куәландырудан соң оның мас күйде болғаны расталды.
"Азаматтың көлік құралдарын басқару құқығы болмағандықтан, оған қатысты хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп түсіндірді полициядағылар.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, мас күйдегі электр велосипед жүргізушісі ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болар еді. Жоғары жылдамдық пен қорғаныстың болмауы қараңғы мезгілде мұндай құқықбұзушылықты жүргізушінің де, басқалардың да өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайға айналдырады.
"Мұндай құқықбұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған, ал "Заң және тәртіп" қағидаты жол қозғалысының әрбір қатысушысына бағытталады" - деді полиция.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2448095-sqo-da-mas-kuide-elektr-velosiped-zhurgizgen-er-adam-20-taulikke-qamauga-alyndy/