jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    275 адам ақшасынан айырылды: Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті қамауға алынды

    Конверттегі ақша
    Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматыда R.O.I. қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша департаменті істің мән-жайын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті "R.O.I." қаржы пирамидасын құру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ведомство мәліметінше, ұйым тұтыну кооперативі атын жамылып жұмыс істеген.

    Қаржы пирамидасы азаматтарды жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу бағдарламаларына қатысуға шақырған. Ол үшін үлестік жарна жинақтау шарттары жасалып, тұрғындардан ақша жиналған.

    "Алайда жаңа қатысушылардан түскен қаражат әрбір салымшыға төлем жасауға мүмкіндік беретін нақты кәсіпкерлік қызметке емес, кооперативке бұрын қосылған мүшелер алдындағы міндеттемелерді өтеуге жұмсалған", - дейді құзырлы орган өкілдері.

    Қазір 275 адам жәбірленуші деп танылды. Оларға келтірілген жалпы шығын – 217 млн теңге.

    "Тергеу барысында ұйымдастырушылар кеңес беру қызметінің ақысы деген желеумен кооперативтен 94 млн теңгені өздерімен байланысы бар тұлғалардың, соның ішінде "Кәусар" жеке кәсіпкерлігінің есепшоттарына аударғаны анықталды. 2022 жылы сот даулары басталғаннан кейін Алматыда ShynSaulet, Berekeli Shanyrak, Aya-Aru, Jasmin, USCoop және Baiterek атты алты жаңа тұтыну кооперативі құрылған. Бұл ұйымдар R.O.I. тұтыну кооперативі басшысының бақылауында болған. Олар жеке сот орындаушылары бұғаттаған негізгі кооперативтің банк шоттарын айналып өтіп, түскен ақшаны басқа шоттарға бағыттау үшін пайдаланылған", - дейді ведомство өкілдері.

    Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген адам екі айға қамауға алынды.

    Соттың рұқсатымен үш автокөлікке, 25 пәтерге және банк шоттарына тыйым салынды.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram