jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

    Есеп құжаты мен калькулятор
    Есеп құжаты мен калькулятор. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда жеті микроқаржы ұйымының (МҚҰ) жұмысынан заңбұзушылықтар анықталып, олар лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Агенттіктің ресми сайтында жекелеген МҚҰ-ның қызметіне тексеру жүргізілгені хабарланды. Оның нәтижесінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына әкеп соққан заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылғаны анықталған.

    Осыған байланысты жеті МҚҰ-ны микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған. Олар:

    • "MaxMoney" МҚҰ;
    • "Microfinance Systems" МҚҰ;
    • "SurfKaz Finance" МҚҰ;
    • "MFO№1" МҚҰ;
    • "Умит Финанс" МҚҰ;
    • "Вивус" МҚҰ;
    • "EL QAZYNA" МҚҰ.

    "Қабылданған шешімдер бұзушылықтардың жолын кесуге, жосықсыз практикалардың алдын алуға, микроқаржы нарығына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға және заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған", - делінген хабарламада.

    Агенттік лицензиядан айырылған МҚҰ микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ жекелеген жағдайларды қоспағанда, микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың талаптарын өзгертуге құқылы емес екенін мәлімдеді.

    "Заңнамаға сәйкес МҚҰ лицензиядан айырылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы" деген сөздерді, көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратынын болжайтын олардан алынған сөздер мен қысқарған сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.

    Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар МҚҰ клиенттері жасалған шарттардың талаптарына сәйкес міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады", - деп нақтылады ведомство өкілдері.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram