jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаржысы жымқырылғаны анықталды

    Ақша және калькулятор
    Ақша және калькулятор. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында шамамен 1 млрд теңге субсидия жымқырылғаны анықталды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының қызметіне жүргізілген тексеру барысында жүйелі заң бұзушылықтар мен 1 млрд теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру деректері анықталған.

    "Атап айтқанда, Сайрам ауданының шаруа қожалықтары жалған мәліметтер мен құжаттарды ұсыну арқылы өндірілген сүт көлемін нақты көрсеткіштерден 8 есеге заңсыз арттырған.

    Тексеру нәтижесі бойынша субсидияларды жымқырудың екі фактісі СДТБТ-ға тіркеліп (аса ірі мөлшердегі алаяқтық), сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыстың арнайы прокурорларына тапсырылды", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта 4 күдіктіге қатысты бір қылмыстық іс аяқталып, бюджетке 40 млн теңге қайтарылған, сондай-ақ күдіктілердің құны 100 млн теңгеден асатын мүлкіне тыйым салынған.

    Екінші қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram