jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Қалтасынан тапанша шығарды": Алматыда екі көлік жүргізушісінің жанжалы видеоға түсіп қалды (видео)

    Құлжа тасжолында болған оқиға
    Құлжа тасжолында болған оқиға. Кадр: instagram.com/almaty.police

    Алматыда жол үстінде жанжалдасқан екі көлік жүргізушісінің бірі қалтасынан тапанша шығарған. Полиция заң бұзушыны ұстады, деп хабарлайды Алматы ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құлжа тасжолында көлік жүргізушісі екінші автокөлік жүргізушісінің тапаншаға ұқсас зат көрсеткенін хабарлаған. Ақпарат дереу Медеу аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлеріне берілді. Тарасов көшесімен қиылыста полицейлер іздестіріліп жатқан автокөлікті тоқтатты. Рөлде 20 жастағы жігіт отырған.

    Автокөлікті тексеру кезінде жедел-тергеу тобы травматикалық тапаншаны тауып, тәркіледі.

    "Қазіргі уақытта қарудың жас жігітке қайдан келгені және оны көлікте қандай мақсатпен алып жүргені анықталып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайлары тексеру барысында белгілі болады", - делінген хабарламада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram