jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Әйелдер дәретханасына сығалап, телефонға түсірген": Атырауда жігіт жазаланды

    Атырауда ұсталған жігіт
    Атырауда ұсталған жігіт. Кадр: Атырау облысы ПД

    Атырауда сауда орталығындағы әйелдер дәретханасына сығалап, телефонға түсірген жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атырау облыстық ПД хабарлауынша, 24 қазанда Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде 21 жастағы жігіт қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтар тыныштығын бұзатын іс-әрекеттер жасаған.

    "Қоғамдық орында бола тұра, ер адам айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, құқық бұзатын әрекеттер жасаған.

    Түскен арызға сай, полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оны полиция басқармасына жеткізген", - делінген ведомство хабарламасында.

    Жас жігітке қатысты ұзақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс сотқа қаралғанға дейін ол әкімшілік іс бойынша ұсталғандар отыратын камераға жатқызылды.

    Іс материалдары сотқа жолданды, сот шешішімен жігіт айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram