jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ҰҚК арандатушылық сипаттағы видеодан кейін павлодарлық тұрғынды ұстады

    Әйел
    Әйел. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

    Павлодарда қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты арандатушылық сипатта видео жариялаған әйел ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚК NUR.KZ тілшісіне жедел іс-шаралар прокуратураның үйлестіруімен жүргізілгенін мәлімдеді.

    "Биыл 28 қазанда Павлодарда ҰҚК органдары прокуратураның үйлестіруімен сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлаймыз.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар ол бұрын есірткі заттарын өткізгені үшін сотты болған", - деп мәлім етті ведомство.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram