jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Еліміздегі белгілі танымал діни қайраткерге айып тағылды: ІІМ арызды тексеріп жатыр

    жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі фото: pexels.com

    Журналист Жанар Байсеміз "зікіршілер" ретінде белгілі діни қауымның бұрынғы мүшелерімен сұқбат жариялады. Олардың бірі қауым басшысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналист Жанар Байсеміз YouTube-арнасында "зікіршілер" ретінде белгілі діни қауымның бұрынғы мүшелерімен сұқбат жариялады.

    Подкастқа келгендердің бірі қауым басшысы, Қазақстанда танымал діни қайраткер жасөспірімдерді жыныстық сипаттағы әрекеттерге мәжүрлегенін мәлімдеді. Сұхбаттағы дерек бойынша, талабын орындаудан бас тартқан балаға ол қоқан-лоқы көрсеткен.

    Сонымен бірге бұл бір ғана жағдай болмау мүмкін екені де айтылды.

    ІІМ баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ-ке берген түсініктемесінде, аталған ақпарат бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оның аясында оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатқаны айтылған.

    ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жарияланбайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram