Жаңаөзенде жалпы сомасы 15 млн теңге болатын алтын бұйымдар ұрланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жаңаөзенде сауда орталығынан жалпы сомасы 15 млн теңге болатын алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қазанда күдікті сауда орталығының екінші қабатында орналасқан зергерлік бөлімге заңсыз кіріп, сол жерден гауһар тасы бар 24 жұп алтын сырға мен 24 алтын жүзікті қолды еткен.
Жәбірленуші ұрлық дерегін бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтаған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 15 млн теңгенi құрады.
15 қазанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Ол кінәсін мойындап, ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып жібергенін айтты. Қазіргі уақытта оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2449538-zhangaozende-zhalpy-somasy-15-mln-tengge-bolatyn-altyn-buiymdar-urlandy/