Шымкентте 227 млн теңгенің алтыны заңсыз шекара асырылмақ болған
Жарияланған күні:

Шымкентте құны 227,8 млн теңге болатын 2,8 келіге жуық алтын шекара аса жаздады. Бағалы металл сот үкімі шыққанға дейін мемлекет пайдасына тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Өзбекстан азаматтары бағалы металды Шымкент әуежайы арқылы Түркияға заңсыз алып кетпек болған.
"Сот үкімі шыққанға дейін құны 227,8 млн теңге болатын 2,8 келіге жуық алтын мемлекет пайдасына тәркіленді. Бұл шешім Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде қабылданды.
Алтынды кедендік бақылаудан жасыру үшін оның бөлшектерін шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан", - дейді прокурорлар.
Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2449854-shymkentte-227-mln-tenggening-altyny-zangsyz-shekara-asyrylmaq-bolgan/