Қостанай облысында 5 жасар бала кісі қолынан қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысында 5 жасар бала кісі қолынан мерт болды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 қазанда басы мен денесіндегі көптеген жарақат салдарынан Құсмұрын кентінің 5 жасар тұрғыны көз жұмған.
Бұл факті бойынша Әулиекөл ауданының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Сол күні күдікті ұсталған, оның іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сараланған.
Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.
Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2450030-qostanai-oblysynda-5-zhasar-bala-kisi-qolynan-qaza-tapty/