Қазақстанның шығысында ерлі-зайыпты ұсталды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Өскеменде TikTok әлеуметтік желісі арқылы "жұмыс" тапқан ерлі-зайыпты ұсталды, деп хабарлайды өңірлік ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлі-зайыпты есірткі таратты деген күдікке ілінген.
Тергеу барысында әйелдің TikTok-тан заңсыз табыс табу туралы ұсыныс тауып, психотроптық заттарды жасырын орындарға қойып кету арқылы тарата бастағаны анықталған.
Кезекті рет "жұмысқа" шыққанда ол бұл іске күйеуін де тартқан. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел алты жасырын орын дайындап үлгерген. Кейін бірнеше түйіншекті тыйым салынған заттармен бірге күйеуіне берген. Көп ұзамай екеуін де полиция қызметкерлері ұстаған.
"Жеке тінту кезінде әйелден 19 түйіншек, ал күйеуінен тағы жеті түйіншек табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, олардың құрамында синтетикалық есірткі – альфа-PVP болған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы – шамамен 33 грам. Бұл аса ірі мөлшерге жатады", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған, ал әйелге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2450114-qazaqstannyng-shygysynda-erli-zaiypty-ustaldy/