jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таразда алдыңғы есігі жоқ көлік полицейлерді таңғалдырды (видео)

    Есіксіз көлік
    Есіксіз көлік. Видеодан кадр: Жамбыл облыстық ПД

    Таразда алдыңғы есігі жоқ Volkswagen көлігімен жүрген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Таразда патрульдік полиция қызметкерлерінің назарын ерекше автокөлік аударған. Төле би даңғылымен алдыңғы сол жақ есігі жоқ Volkswagen кетіп бара жатқан.

    Белгілі болғандай, көлік ұзақ уақыт бойы бір орында тұрған. Жүргізуші оны техникалық қызмет көрсету станциясына апару үшін эвакуатор шақырмай, осы күйінде өзі айдап баруды жөн көрген.

    "Алайда есігі жоқ автокөлікпен жүру – сәттілікке сенетін жағдай емес. Көліктің мұндай техникалық жағдайы жүргізушінің өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндіруі мүмкін", - делінген хабарламада.

    Ақырында қала ішіндегі бұл сапар тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмай, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram