Зайсанда заңсыз аң аулады деген күдікпен Қытайдың 9 азаматы ұсталды: қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:

ШҚО-да Қытайдың 9 азаматы ұсталды. Олар Зайсанға аң аулау үшін келді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Шығыс Қазақстан облысында аңды заңсыз аулады деген күдікпен көрші елдің азаматтары ұсталды. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Телеарна тілшісінің ақпаратына сүйенсек, Қытай елінің азаматтары аң аулау үшін арнайы шекара асып келген көрінеді. Сонымен бірге оларға жергілікті бір тұрғын аңшылықты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен болуы мүмкін. Ал әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада олардың жабайы қабан аулағанын байқауға болады.
Полиция қызметкерлері үш жол талғамайтын көліктің ішінен мылтық пен патрондар тәркіледі.
"Тексеру барысында шетел азаматтары тарапынан көші-қон заңнамасын бұзу дерегі анықталған жоқ. Барлық қатысушы азаматтығына қарамастан, заң алдында бірдей жауапты.
Әрбір азаматтың әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Кінәлілер заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады. Тергеу жалғасып жатыр", - деп пікір білдірді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2450187-zaisanda-zangsyz-ang-aulady-degen-kudikpen-qytaidyng-9-azamaty-ustaldy-qylmystyq-is-qozgaldy/