jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Оқушы қызға сексуалдық зорлық көрсеткен: Ақтөбеде 22 жастағы ер адам сотталды

    Судья үкім оқып тұр
    Судья. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Сот сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындамады, деп хабарлайды kazinform.

    Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 22 жастағы ақтөбелікке қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі 1-тармағымен айып тағылды.

    Сотталушы кәмелетке толмаған жәбірленушінің қарсылығына қарамастан оған күш қолданып, еркінен тыс зорлаған. Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындамады.

    "Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен және іс материалдарына тіркелген басқа да заттай дәлелдермен расталды.

    Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram