jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    ҰҚК Каспийдегі арнайы операциялар туралы ақпарат ұсынды

    ҰҚК операциясы
    Фото: t.me/knbgov_kz

    Қазақстан ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің акваториясындағы заңсыз әрекетті тоқтату бойынша белсенді шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР ҰҚК-ге сілтеме жасап хабарлады.

    Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, биыл қазан айында мемлекеттік органдармен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде 126 құқық бұзушы мен 44 шағын көлемді кеме ұсталды.

    11,5 кг есірткі, 88 шақырым браконьерлік құрал-саймандар тәркіленді. Торлардан табылған 2337 бекіре және балық түрі табиғи мекендеу ортасына шығарылды.

    Әкімшілік айыппұлдар 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде салынды. Мемлекетке келтірілетін, алдын алған залал 840 млн теңгеден астам қаражатты құрады.

    ҰҚК Шекара қызметі теңізде белгіленген тәртіптерді сақтау қажеттігін еске салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram