jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда қабырғаға "автограф" қалдырған бойжеткен 5 тәулікке қамауға алынды (видео)

    Бойжеткен
    Бойжеткен. Видеодан кадр: instagram.com/almaty.police

    Алматыда Назарбаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінің қабырғасына "автограф" қалдырғысы келген бойжеткен қамауға алынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жасап хабарлады.

    Ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, оқиға Назарбаев даңғылындағы "Райымбек" тұрғын үй кешенінде болған. Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ғимараттың қабырғасына жазу жазған бойжеткенді анықтады.

    Полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады. Сот шешіміне сәйкес, бойжеткен кінәлі деп танылып, бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

    Полиция тұрғын үйдің қабырғасы, кіреберісі мен ортақ пайдаланылатын орындар баршаға ортақ мүлік екенін еске салды. Оны бүлдіру тек сыртқы келбетіне нұқсан келтіріп қана қоймай, тұрғындарға қосымша шығын әкеледі. Мұндай әрекеттер үшін заңда жауапкершілік көзделген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram