jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қорқытып, 17 млн теңге талап еткен": Қостанайда күдіктілерді ұстау операциясы өтті (видео)

    Күдіктілерді ұстау
    Күдіктілерді ұстау. Видеодан кадр: instagram.com/polisia_kosta

    Қостанайда жәбірленушіні қорқытып, 17 миллион теңге бопсалады деген күдікпен екі адам ұсталды. Қостанай облыстық ПД оларды ұстау сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қостанай облыстық ПД мәліметінше, облыс орталығында бұрын сотталған екі ер адам 4,4 миллион теңге алу кезінде ұсталған. Тергеу деректеріне сәйкес, олар қыркүйек айынан бастап жәбірленушіні күш қолданамыз деп қорқытып, 17 миллион теңге талап еткен.

    "28 қазанда күдіктілерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері Қостанай облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен және "Бүркіт" арнайы бөлімшесімен бірлесіп ұстады.

    Тінту барысында 4,4 миллион теңге, Kia Sportage автокөлігі және ұялы телефондар тәркіленді", - делінген хабарламада.

    Ер адамдардың іс-әрекеті бір топ адамның алдын ала сөз байласуымен жасалған бопсалау актісі ретінде сараланған. Екі күдікті де тергеу изоляторына қамалған.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram