Алматыда жүк көліктерін жаппай тоқтатуға шақырған азамат 15 тәулікке қамалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда 41 жастағы ер адам рұқсат етілмеген жаппай іс-шара ұйымдастыруға шақырғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы ПД-ның Instagram-дағы парақшасында хабарланғандай, полицейлер жүргізушілерді салмақ шектеулеріне қарсы наразылық акциясына шығуға үндеген бейнеүндеу авторын анықтаған.
"Бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған. Онда ер адам 1 қараша күні жүк көліктерін жаппай әрі ұйымдасқан түрде тоқтатуға шақырған. Бейнеүндеудің авторы 41 жастағы А. Б болып шықты.
Ол рұқсат етілмеген жаппай іс-шараны ұйымдастыруға шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.
Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2450445-almatyda-zhuk-kolikterin-zhappai-toqtatuga-shaqyrgan-azamat-15-taulikke-qamaldy/