jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасында ер адам дәрігерге тап берді

    Дәрігерге жасалған шабуыл
    Дәрігерге жасалған шабуыл. Фото: lada.kz

    Ақтаудағы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде келушілердің бірі дәрігерге тап беріп, жағасынан алған. Оқиғаға қатысты полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды жергілікті Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның аурухана қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлауынша, балалар хирургі баланы қажетті тексеруден өткізіп, нәтижесін оның әкесіне байыппен түсіндірген. Оны ауруханаға жатқызуға негіз болмаған.

    Порталдың жазуынша, кенет баланың әкесі дәрігерге тап берген, ал жанында тұрған бірнеше адам шабуыл жасаған азаматты әрең ажыратып алған.

    Өңірлік полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram