jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ақтөбеде жалпы көлемі 400 млн теңге болатын аударымға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

    ақша салынған конверт
    Ақша салынған конверт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті есірткі сататын интернет-дүкен үшін төлем қабылдап, ақша аударумен айналысты деген қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

    Тергеу дерегінше, Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде ақша айырбастайтын топ құрып, оған жеті сыбайласын тартқан. Топ мүшелері міндеттерді өзара бөлісіп, күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істеген. Осылайша олар тәулік бойы төлем қабылдап, ақша аударып отырған.

    "Интернет-дүкен операторлары тапсырыс ақысын төлеу үшін сатып алушыларды осы айырбастау тобына бағыттаған. Төлем расталғаннан кейін оларға есірткі жасырылған орындардың координаттары жіберілген. Айырбастау тобы күн сайын 50-ден 70-ке дейін төлем операциясын жүргізген. Ақша қабылдау үшін өзге адамдардың — дропперлердің атына ашылған 22 банк картасын пайдаланған. Кейін түскен ақшаны криптовалютаға айырбастап, есірткі саудасын басқаратын адамдардың бақылауындағы криптоәмияндарға аударып отырған", - дейді ҚМА ресми өкілі.

    Аударылған ақшаның жалпы көлемі 918 мың АҚШ долларынан асқан. Бұл 400 млн теңгеден астам сомаға тең.

    Қылмыстық әрекетті ұйымдастырған адам қамауға алынды.

    Тергеу жалғасып жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram