jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда тұрғын үйдегі мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

    тінту
    Тінту. Видеодан кадр: Polisia.kz

    Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі өндіретін шағын есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    "Жедел уәкілдердің назарына көпқабатты тұрғын үй кешенінде "мефедрон" синтетикалық есірткісін дайындау арқылы есірткі бизнесін жолға қойған қаланың 34 жастағы тұрғыны ілікті. Шағын зертхананың ерекшелігі – күдікті жағымсыз иіс, газдармен көршілердің назарын аудармау үшін өндірісті ғимараттың ең жоғарғы қабатында әрі сорғышты үйдің желдеткіш шахтасына қосу арқылы арнайы ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде бір килограмм дайын өнім, кристалдары бар алты шыны науа, дихлорметан құйылған алты бөтелке, реактивтері бар тоғыз канистр, зертханалық ыдыстар, электронды таразылар және жеке қорғанысқа арналған киім табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4,5 кг", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

    Есірткіні ұйымдастыру және өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 297-1-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылуы мүмкін.

    Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидатын іске асыру аясында ел аумағында есірткі өндірісін жолға қоюға бағытталған кез келген әрекетті қатаң түрде тоқтататынын ескертеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram