jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Үш жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды: ҰҚК Атырауда 10 адамды ұстады

    Ұсталған күдікті
    Ұсталған күдікті. Фото: gov.kz

    2026 жылғы 30 қазанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстады, деп хабарлайды ҰҚК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, ұсталғандар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру бойынша күдікке ілінген.

    "Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген", - делінген хабарламада.

    Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

    Сондай-ақ олар құрған балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылған.

    Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік және жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.

    ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram