jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында сот ғимаратының есігін сындырған әйел жазаланды

    Сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

    әйАлматы облыстық сотының ғимаратында әйел шыны есікті сындырып, бейәдеп сөздер айтты. Оған осы әрекеті үшін 300 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматы облыстық соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әйел адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі (Бөгденің мүлкін қасақана бүлдіру) және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) бойынша істі қарады.

    Сотта анықталғандай, 2026 жылы 2 қарашада сағат 16:30 шамасында әйел адам Алматы облыстық сотының әкімшілік ғимаратында кіреберістің шыны есігін қасақана сындырып, мемлекеттік мекемеге материалдық шығын келтірген. Сонымен қатар сот ғимаратында жүріп, қоғамдық тәртіпті бұзып, бейәдеп сөздер айтқан.

    Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді.

    Аталған баптардың санкциялары бойынша оған 15 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген. Сонымен бірге істі қарау барысында сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабының 2-бөлігінің ережелерін ескеріп, оның балалары бар екенін назарға алды.

    Сот қаулысымен әйел кінәлі деп танылды, оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша 50 АЕК (216 250 теңге) мөлшерінде және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

    Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 58-бабына сәйкес түпкілікті әкімшілік жаза 70 АЕК (302 750 теңге) құрады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram