Ақтөбедегі неке қию сарайында әйел адам кісі қолынан қаза тапты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақтөбедегі неке қию сарайында кісі өлімі тіркелді. Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтап, ұстады, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қаза тапқан адамға кім болатыны нақтыланбады.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ жасалған қылмыстың мотивтері мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - деді Ақтөбе облысы ПД өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2451548-aqtobedegi-neke-qiiu-saraiynda-aiel-adam-kisi-qolynan-qaza-tapty/