jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Ташкентте 16 қазақстандық бала уланып, ауруханаға түсті: Өзбекстанда қылмыстық іс қозғалды

    алаңда доп теуіп жүрген футболшылар
    Алаңда доп теуіп жүрген футболшылар. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Ташкентте 16 қазақстандық бала ауруханаға түскеннен кейін Өзбекстанның Бас прокуратурасы қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым ақпаратынша, прокуратура Ташкентте Қазақстаннан келген балалар мен олардың жақындары ауруханаға түскеннен кейін қылмыстық іс қозғаған.

    "Ташкент қаласы Чиланзар аудандық прокуратурасы футбол жарысына қатысу үшін Қазақстаннан келген балалар мен олардың жақындарының ауруханаға жатқызылуы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Іс Қылмыстық кодекстің санитарлық заңнаманы немесе эпидемияға қарсы күрес ережелерін бұзу бабы бойынша қозғалды. Алдын ала тергеуді Чиланзар аудандық ішкі істер органдары қызметін үйлестіру басқармасы жанындағы тергеу бөлімі жүргізіп жатыр", - деп жазады басылым.

    Өзбекстанда футболшы балалардың жаппай улануы

    2 қарашада Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір атынан турнирге үш жас санаты бойынша жекеменшік футбол мектептері қатысқанын хабарлады. Сол уақытта 16 бала, 1 жаттықтырушы және 11 ата-ана ауруханаға жатқызылғаны белгілі болған еді. Олардың барлығы Ташкенттегі қонақүйде тұрып, тамақтанғаны атап өтілді.

    Көп ұзамай Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Ташкентте қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін ауруханаға түскен қарағандылық жас футболшылардың жағдайын айтып берді.

    Сондай-ақ балалар жаппай уланғаннан кейін Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі мәлімдеме жасады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram