jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Саусағынан айырылған қазақстандық 10 млн теңге талап етті

    сот балғасы
    Сот балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Павлодарда жұмысшы жазатайым оқиғадан кейін саусағынан айырылған. Павлодар сотында ЖШС-дан моральдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша іс қаралды. Талаптар ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Павлодар облысы соттарының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жұмысшының өндірістік жарақатқа байланысты 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиянды өндіру туралы ЖШС-ге қарсы азаматтық ісін қарады.

    Сот еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмысшы оң аяғының ұшынан ауыр жарақат алып, соның салдарынан бірінші саусағын ампутациялау қажет болғанын анықтады.

    Комиссия жазатайым оқиғаға байланысты жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі бар екенін анықтады.

    Бірінші сатыдағы сот ЖШС-ден 4 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемін және 500 мың теңге өкіл шығындарын өндіріп алды.

    Тараптардың апелляциялық шағымдарын қараған сот алқасы өтемақы мөлшерін негізді әрі әділ деп танып, бірінші сатыдағы соттың тұжырымдарымен келісті.

    Сот шешімі өзгеріссіз қалды, ал тараптардың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram