jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Атырауда тікелей эфирде өзін "террориспін" деп мәлімдеген екі әйелге қатысты іс қозғалды

    Никаб киген әйел
    Никаб киген әйел. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, өзін террорист деп мәлімдеген екі әйелдің әрекетіне қатысты полиция әкімшілік істер қозғады, деп хабарлайды kazinform.

    38 және 39 жастағы екі әйел Атыраудағы сауда орындарының бірінде отырып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге кірген. Кейін бірі өзін террористпін деп таныстырып, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оны жақсы танитынын айтты.

    Атырау облыстық полиция департаменті бұл видеодан кейін екі әйелге қатысты ұсақ бұзақылық, құқыққа қайшы контент тарату, сондай-ақ қоғамдық орындарда адамның жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім кию деректері бойынша үш әкімшілік іс қозғады. Іс материалдары сотқа жолданды.

    Сонымен қатар әйелдермен теолог сөйлесіп, профилактикалық іс-шара жүргізген.

    "Кездесу барысында оларға заң талаптары, қоғамдық тәртіп нормалары және осындай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Әлеуметтік желілер — заң талаптары қолданылмайтын орта емес.

    Тікелей эфир кезінде де жасалған кез келген құқыққа қайшы әрекетке заң аясында тиісті баға беріліп, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram