jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда интернет-казино ұйымдастырды деген Ресей және Украина азаматтарына іздеу жарияланды

    іздеудегі адамдар
    Іздеудегі адамдар. Фото: ҚМА баспасөз қызметі

    Қаржылық мониторинг агенттігі Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Пунин мен Украина азаматы Марина Ильинаға іздеу жариялады. Олар интернет-казинолардың заңсыз қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі 1985 жылы 8 ақпанда туған Ресей Федерациясының азаматы Дмитрий Пунин мен 1989 жылы 11 ақпанда туған Украина азаматшасы Марина Ильинаға іздеу жариялады. Оларға күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы белгіленген. 

    Олар қазақстандық қолданушыларға бағытталған Pinco және Pin-Up интернет-казиноларының заңсыз қызметін ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

    Тергеу дерегінше, бұл схеманы іске асыру үшін бақылаудағы компаниялардан, төлем ұйымдарынан және банк құралдарынан тұратын тармақталған халықаралық инфрақұрылым құрылған. "Осы жүйенің Қазақстандағы буыны PIN-UP.KZ брендімен букмекерлік қызметке лицензия алған "Бонами" ЖШС болды. Алайда заңды букмекерлік бизнес интернет-казино қызметін жасыру үшін пайдаланылған.

    Ақша ағынын қамтамасыз ету үшін сатып алынған төлем ұйымдары, ресми түрде ғана басшы саналатын адамдар және банк терминалдары желісі пайдаланылған. Оларды қосу және жұмысын жүргізу қаржы секторы өкілдерінің жәрдемімен қамтамасыз етілген", - дейді ҚМА ресми өкілі.

    Нәтижесінде түрлі банктер мен қаржы ұйымдарында ашылған 24 төлем терминалынан тұратын желі құрылған. Оның 14-і ақша қабылдау үшін пайдаланылған.

    Қаржы операцияларының көлемі 106 млрд теңгеден асқан.

    Қаржылық мониторионг агенттігі іздеу жарияланған адамдардың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білгендерге мына телефон арқылы хабарлауды сұрайды:

    +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram