jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Көкшетаудан шығаберісте сотталған әйел ұсталды

    жол
    Жол. Көрнекі фото: pexels.com

    Көкшетауда сотталған әйел электронды білезікті шешіп, қашып кетпек болған. Оған енді нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ға сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық пробация қызметінің қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін пробациялық есепте тұрған жергілікті тұрғынның жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзу фактісінің жолын кесті.

    Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалып, сотталған әйел сот белгілеген шектеулерді бұзды: электронды бақылау білезігін өз бетінше шешіп, қала аумағынан шығып кетпек болған.

    Үздіксіз цифрлық мониторингтің арқасында пробация қызметінің қызметкерлері электронды құрылғы сигналының жоғалғанын уақытылы тіркеп, дереу іздестіру шараларына кірісті.

    Жедел әрекеттердің нәтижесінде әйелдің жүрген жері Көкшетау – Петропавл автожолы бағытында Көкшетаудан шыға берісте анықталды. Ол қала шегінен шығып үлгермей тұрып ұсталды.

    Медициналық куәландыру барысында ұсталған адамның ағзасынан психотроптық заттар анықталды. Аталған факті бойынша оған қатысты әкімшілік материал жинақталды. Сот шешімімен әйелге 120 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Жаза шарасын анықтау кезінде жас балаларының болуы сияқты мән-жайлар ескерілді.

    Сонымен қатар жазаны өтеу шарттарын бұзғаны және электронды білезікті өз бетінше шешкені үшін сотталған әйелге жазбаша ескерту жасалды.

    Қазіргі уақытта уәкілетті орган сотталған әйелді қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жіберіп, тағайындалған жазаны нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мәселесін қарау үшін сотқа материалдар дайындап, жолдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram