jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін": Қазақстан азаматы 11 ителгіні шекара асырмақ болған

    ителгі
    Сұңқар. Фото: ҰҚК ресми сайты

    ҰҚК Шекара қызметі Қызыл кітапқа енген сұңқарларды елден заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Түркістан облысында 11 ителгіні контрабандалық жолмен шекарадан өткізуге тырысты деген Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    ҰҚК Шекара қызметінің хабарлауынша, ведомство өкілдері сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлерін ел аумағынан заңсыз әкету фактілерінің жолын кесуде.

    Атап айтқанда 2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы "Целинный" өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды.

    Тәркіленген құстардың қара нарықтағы құны 100 млн теңгеден асуы мүмкін.

    Аталған факті бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram