Ақмолалық тұрғын 2031 жылға дейінгі тыйымды бұзып, бас бостандығынан айырылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ақмола облысында көлік тізгіндеуге 2031 жылға дейін салынған тыйымды елемеген жүргізуші бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, 2031 жылға дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Біржан сал ауданының тұрғыны қайтадан алкогольдік масаң күйде рульге отырған.
Сот талқылауы барысында аудан прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдап, сотталушының кінәсін дәлелдеген.
Сот ер адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп таныған (ҚР ҚК 346-б.1-б.).
Сот үкімімен ол 10 айға бас бостандығынан және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2451972-aqmolalyq-turgyn-2031-zhylga-deiingi-tyiymdy-buzyp-bas-bostandygynan-aiyryldy/