jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Оралда жасөспірімдер жүріп бара жатқан автобусқа жармасып алған

    Автобусқа жармасып алған жасөспірімдер.
    Автобусқа жармасып алған жасөспірімдер. Фото: polisia.kz

    Оралда автобусқа жармасып алған жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ІІМ ақпараттық медиапорталының жазуынша, 3 қарашада сағат 18:30 шамасында Орал қаласындағы Абай даңғылында үш жасөспірім №22 бағыттағы автобустың артқы бөлігіне жасырын жармасып, аяқтарын көлік тетіктеріне тіреп, жүріп бара жатқан көлікпен бірге қозғалған.

    "Бұл – адам өміріне қауіп төндіретін аса қауіпті әрекет. Абырой болғанда жасөспірімдер зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

    Болған жайт туралы ақпарат түскен бойда полиция қызметкерлері дереу тиісті шаралар қабылдап, бейнежазбаны осы аумақтағы мектеп инспекторларына жолдаған. Тексеру барысында олардың қаладағы мектептердің бірінде оқитын 8-9 сынып оқушылары екені анықталған.

    Полиция қызметкерлері мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын мектепке шақырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Оқушыларға мұндай әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екенін түсіндіріп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін қатаң ескерткен.

    Бұл жағдайға байланысты кәмелетке толмағандардың ата-аналары заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram